Жаңадан қызмет ашып жатқан кәсіп орнының үлескері немесе жаңадан өз бизнесіңізді бастап жатқан болсаңыз қайткен күнде қажетті болатын біраз ұсақ-түйектер болады. Олар : кәсіп орынның жеке белгісі (логосы),онда жұмыстаушылардың клиенттерімен қарым-қатынасы үшін маңызды бір нәрсе бизнес карты, атқарылатын қызметтерді ашыққа шығарып танытуға жарайтындай тартымды және оқынақты брошур деген сияқты айта берсең таусыла бермейтін көп көмекшіл құжаттар шынында да керек бола қалады.Осындай жағдайда маңайдағы осы қызметті атқаратын арнайы орындарға жүгінетін болсаңыз әрине ақысын алып отырып жасай қоятын шығар.
Ал уақыт мәселесі онша тығыз емес болып, осындай болымсыз кішкене нәрселер үшін қыруар ақша төлеп жатудың орнына интернетке отыра қалып өзіңіз тындыра салғаныңыз әлдеқайда тиімді де абзал болады дегенге күмәнім жоқ. "Интернет болғанда ақы алмайды ғой дейсің ба?" деген сұрақ туындалары рас. Я орынды сұрақ. Ал менің берер жауабым , интернетте тегін көрсетілетін талай қызмет бар.Бұлар көбінде ең алдымен тегін болғызуының арқасында веб сайтының рейтінгісін көтеріп , көпке танымал болғызып алуын көздейді.Бұл да бір маркетиңг саясаты. Ал енді тоқсан ауыз сөзді топшылай келе, branddoozie сайтын жоғарыда айтылғандай "ұсақ-түйек"-теріңізге қолданамын деп қалсаңыз сілтемесі міне  

 
 

Disqus блогтарда қалыптасқан пікір тастау әдетімізге/түсінігімізге әлі де бір қосымша қосумен жақсарта түсетін бір система. Уордпресс,блоггер қатарлы көпке танымал блог қызметін көрсетушілердің жұмыстау жүйесімен үйлесімді келетін disqus аясында кез келген оқырман өзіндік профил-ін жасай салады.Ал басқа оқырман алдыңғы тасталған пікірлерді бағалаумен бірге талғамына сай оны RSS-пен бақылауына ала алды. Бұл қызметпен түбегейлі танысу үшін адресі : http://disqus.com/


 
 

1965.жылы қай кітап көп сатылыпты ?
1976.жылғы oscar сыйлығына лайық көрілген актёр кім еді?
1982.жылында теледидарларда қандай телесериалдар көрсетіліп еді ?
осы сияқты сұрақтардың жауабын табуға еш әуестеніппе едіңіз?
Олай болса осындай әр жақты сұрақтарға flashback ретінде жауап бере алатын
сайтқа мына сілтеме алып барамын дейді.Алайда жұмыртқаның тауықтан, әйтпесе
тауықтың жұмыртқадан шыққан-шықпағаны жайында жауап бере алатынға ұқсамайды.
Қазірге тек ғана 60,70,80 және 90-ыншы жылдарға байланысты економика , музыка, теледидар , синема , әдебиет, спорт салаларындағы деректерді ұсынуда.

 
 

Әлемторда әр күн сайын қызықты-қызықсыз сан алуан жаңа веб сайттармен танысу мүмкін.Ендеше ,design my room солардан бірі ғана. Design my room ,яғни бөлмемді дизайн ет дейді. Осыдан-ақ айқын түсінілетіндей, үй іші дизайны, жүктердің өз ара орналасуын практикалық тұрғыда істемес бұрын алдын ала осында қондырылган арнайы программа аясында оңайлықпен және жылдамырақ істей алуға болады екен.Осы орайда жаңағы жасаған дизайныңызды басқаларының да назарына ұсынумен қатар солардың дизайндарына қарап та әдемі деп көрген үлгілерінен пайдалану мүмкіндігі ең қызықтысы.Үйдің ішкі сәніне ерекше мән беретіндеріңіз болса бұл веб сайты көмек қолын ұзатар деп ойладым. designmyroom.com 

 
 

Таяуда ғана Қытайда болған жер сілкінісіне орай 19-21 Мамырды ұлттық қайғы күні болғызып жарйяалады.Ал, Google, Yahoo, Baidu  сияқты іздеу моторлары осы кесапатқа байланыстырып ерекше логолар шығарды.Көру үшін мұнда басыңыз: yahoo ,google  , қытайдың өзінің моторы baidu. Қайғыға ортақ екендерін білдіру ниетімен экрандарын қара өңмен өрнектеді.

 
 


Емтихан,ана-мына деп жүргенде блогқа жаңа жазулар кіргізілмегелі дардай болып қалыпты.Бүгін не жазсам деп ойланып отыр едім ойыма резюмет уралы білгендерім және де іздестірулерімнен баяндай кету келе қалды.Резюме дей салдым,терминнің қазақшасын білетіндер кері байланыс жолымен немесе коммент арқылы
білдіре салар деген оймен. Ағылшынша сv немесе resume деп іздетіп көрсеңіз бұл жайлыт үрлі-түсті,мыңдаған мәліметтерге жету әбден мүмкін. Тек ғана cv жазумен айналысатын жұмыс мекемелері аз емес қазіргі кезде. Ең алдымен резюменің негізгі анықтамасына бір тоқтала кету жөн болар:СV-дің шығу тегі , латыншада "өмір ағысы" мағынасына келетін curriculum vitae деген сөзініңқысқартылған түрі. Бұл терминмен казіргі кезде көбінесе жұмыс іздеушілерден көп естиміз.CV-діңөзіндік дизайны , көрер көзге татымды ,ретті жазылған болуы маңызды болып келеді. Бар жоқты бір немесе ең көп дегенде екі беттен тұрады. Шығу тегіне қарай ұғымымызбен , адамның өмір баяны жайлы жазылатынына көз жеткіземіз. Бірақта мұндағы өмір баян әлдеқайда бөлек форматта болу қаланады ресми сипатта болу жағынан .Сондықтан аты жөн, туылған ай-күн, мемлекет , ұлт ,әдрес , байланыс номері сияқты тұлға мәліметтерімен бастала келіп сол адамның бұрын соңды қандай іс , қызметтер атқарғаны,мамандығы,кайда қашан істегені,соның ішінде дәлі қай салада деген толық анық мәліметтер беріледі.Резюме дайындау жайында мыналар еске алынуы керек :

-әсте грамматикалық қате істемеу , бір әріп әшейік
-кеуде сурет ашық-жарқын , шаттықты түсілген болу
-өз сөздеріңді қолданған болу
-тиесілі компания, сектор жайлы алдын ала білетін болуыңыз
 -жұмысқа алушыға мағыналы келетін терминдерді ғана керектену
 
Үлгі ретінде осында форматын да еңгізіп қояйын дедім.Төменде резюменің қазақша және ағылшынша нұсқасы қойылды

cv.english.doc
File Size: 61 kb
File Type: doc
Download File

resume.kazakh.doc
File Size: 60 kb
File Type: doc
Download File

Қалжыңдау сыңаймен , біреудің ерінбей жалықпай,  flash арқылы жасаған резюме туралы қысқа animation-ын тамашалай кетіңіз. Мына сілтеме соған апарады.



 
 

Ұрандар жалпы көрер көзге естір құлаққа күш,жігер және де қайрат беретін әсерге ие болып келеді көбінде.Төмендегі тізімде кей бір танымал маркалардың ұрандарын шамам келгенінш аударып көрдім . Дәлме дәл мағынасынан адасып кеткендері де болуы мүмкін , оларды оригиналдарына қарап біле аласыз.Төменде қоюмен жазылғандар ерекше күлкілі екенін көре жатарсыз онысызда :)

Adidas - Impossible Is Nothing
Бәрі мүмкін (мүмкін емес деу жоқ)

Apple Macintosh - Think Different                                        
біргелкі ойлама (бөлек ойлан)

AT&T - Reach Out and Touch Someone, Just Before You Die.
            өлімiңнен бұрынырақ біреуді түртіп үлгер

Avis  -  We Try Harder      
қолымыздан келгенін жасаймыз

BMW - The Ultimate Driving Machine
Ақырғы тізгінің

Citibank - Live Richly
Бай бол

Compaq - For The Next Generation of Big Businesses
Үлкен биснезтердің болашағы үшін

Dell Computer Corp - Be Direct
Тура бол

Epson - Exceed Your Vision
Көзқарасыңды оз
Ericsson - Taking You Forward
                Алға басқызамыз
Ethereal - Sniffing the glue that holds the Internet together
                интернеттің желіміне улану

Fedex - Absolutely, Positively Overnight
             тіпті жылдам
Fuji Film Superia - It’s foolproof
                             әне-мінеси жоқ   (мінсіз)
Fujitsu - The Possibilities Are Infinite
               мүмкіндіктері шексіз
Hewlett Packard - Invent
                            жаса (ойлап тап)
Hitachi - Inspire the Next/Touch the Future
              Келесісін таң қалдыр (келесісін әуестет)
HMV - Know HMV. Know music.
              HMV- ді  тану , музыканы тану
Hummer - Like Nothing Else
                Ұқсасы жоқ
Jaguar - The Art Of Performance
                перформанс өнері
JBL - Hear Us Everywhere
             Бізді қайда да есті
Kodak Gold Film - Show Your True Colors
                              Шынайы өңіңді көрсет
Logitech - Designed To Move You
                 Сізді көшіруге жаралған
Microsoft - Your potential. Our passion.
                   сіздің қабілетіңіз , біздің құмарымыз

Nike - Just Do It 
           Істе деймін

Nikon - Step Ahead
            Алға атта
Nokia - Connecting People
            Адамдарды байланыстырудамыз
Olympus - Sharp Pictures Even If You’re Not
                суретіңіз өткір , сіз емес болғанмен де

Philips - Sense and Simplicity
             Мағына мен қарапайымдылық
Pioneer - Wait ’til You Hear Pioneer
                 Pioneer- ді естігенге дейін күт

Saab - Move Your Mind/Beyond The Conventional
             Басыңды шектен тыс жұмыстат
Samsonite - Life’s a Journey
                     Өмір-бір сапар
Siemens - Be Inspired
                 Таң қалдыр
Sony - like.no.other
           Бөлек

T-Mobile - Get More From Life
                 Өміріңді толы өткіз

Toshiba - Don’t Copy. Lead.
               Басқасынан көшірме, басқарушы бол.

Tower Records - No Music, No Life.
                            Музыкасыз өмір жоқ
Toyota - Moving Forward
             Алға тартады
UPS - What Can Brown Do For You
          Браунның сіз үшін істей алатыны
Victrola - The Gift That Keeps On Giving
                Бере беретін сыилық
Virgin Megastores - Dangerously Entertaining
                               Пиздес көңіл көтергіш

 Victorinox Swiss Army - Made Like You                        
                                    сен құсап істелінді



 
 














А
дамзат тарихында мәдениеттердің белгілі дамысқа қол жеткізуі әр дәуірге сәйкес атауларын да қалтыра келген, тас дәуірі , металл дәуірі деген сияқты. Дәл сол сияқты қазіргі кезімізде интернет те өтежиі өзгеріске кіруіне қарай әр бір дамыс буынына сай өзіндік атауларын да қоюмен келеді: web1.0 , web 2.0 , web 3.0 .
Қазіргі орнымыз web 2.0  , әуелі web 3.0  ке  аз-аздап кіре бастағанға ұқсайды. web 2.0   дегенде көбіміздің ойымызға санаусыз көп нәрселер келеқалатыны мәлім.Әу баста , веб2.0 оратлықтан немесе бір нүктеден басқарылатын системаға бағындырылған еді.Ал одан кейін бұл система орталықтан ұзақтаумен қатар енді басқарма кілттеріне интернетті қолданушылар ие бола бастады.Интернеттің нағыз қыры мен сыры дәлі осы мерзімде мәлім болды деп ойлаймын. Веб-дегі информацяның баюы, көбейуі орталықтан ұзақтасқан система арқылы мүмкін бола алды , әйтпесе тек ғана орталықтан меңгеру мандымды табысқа жеткізе қоймас еді.Қысқа бір сөзбен ашықтау керек болса , веб2.0 нің маңызды бір дамысқа жетелеуші саласы  веб-ті жекешелендіру еді. Жә қызық сонда бұл “жекешелендіру” терминин қалай ұғу керек ? Мысал келтіретін болсақ , блогымызды еске ала салайық.Өзімізге тән арнаулы веб сайтымыз жоқ болса да блог аша аламыз , оған қандай информация жүктейтінімізді өзіміз білеміз,кімдерге ашық , кімдерге тұйық болатынын бәрін өзіміз тоқтатамыз. Мұның бәрі жаңағы “жекешелендіру” терминін айқындайды. Тағы талай мысалдар толып жатыр , hi5, facebook сияқты көпшілікпен араластыру сайттары. Бұл сайттрда әpкімнің өзіндік  бұышы бар , сол бұышта өзіндік талғамыңызға сай әрекеттерді жүзеге асыра алу мүмкіндігі аз емес.
Қортындылай келгенде, веб2.0 әкелген жетістіктері болғанда негізінен адамдардың бір бірімен араласуын,бірге жұмыстауын, ең бастысы бір бірімен бөлісуін оңайлатқан болды.


 
 

Қандай бір мақсат үшін сүйкімді және жылдам лого керек болып қалса фотошоппен алысқанның орнына интернеттегі лого жасаушы қызыметін беретін арнаулы сайттарын қолдансаңыз әлдеқайда оңайлықпен тындыра аласыз ісіңізді.Ал ондай веб сайттар тегін бола бермесе керек, ақы төленуі тиіс. Әрине барлығының қызымет жүиесі,стратегиясы бөлек бола алады ғой.Мысалы , logoease веб сайтымен, мүшелікке ілсетіргеннен кейін, кішігірім логоларыңызды 2-3 минутта жасай алатын боласыз.

 
 

Cаған деймін я саған ! Кейде ойыма келгеніңде саған ііиий осыны ай дейм , ал кейде әйтеу Аллаға шүкір сен барсыңғой деймін.Өзіңді бар кұсатып сезіндірмейсің тіпті. Негізінде жоқсың, сонда да елдің бәрі біледі сеніңәркашан,қай қайда да бар екендігіңді.Бір сәт сенімен бетпе бет қалған кісі сеннен айрылғысы келе бермейді оңайға.Сенімен бірге оншама сағатын,күндерін, жылдарын тіпті бүкіл өмірін өткізуден тайынбайтын болып барады ғой деймін.Үн түнсіз тыңдап тұрсың мұның бәрін, тек мұны ғана емес барлық әлемді.Не ойлайтының еш бітпейді, толассыз екен.Сен кейбіреулерге өте құнды әсеріңді беріп жатқанда , кейбіреулерге теріс әсеріңді де тигізудесің. Әрине мұның бәрі саған бәрі бір, кім қайтсе үйтсін дейсің. Сен тек ғана қарайсың, құлақ салып тыңдайсың немесе басқа бірдемелер істеумен тұрасың ылғи.Ешкім саған қарсылық көрсетпеген, көрсетпейді де. Әр бір өткен сәт сайын байлығыңды еселеудесің.Күшіңе күш қосып, барлығымызбен араласудасың , тоқтаусыз !. Бәрі қолындағы барын саған алып ұшады.Осының бәрінің иесі ғана болудасың. Ал ,өзіңді осымен ғана шектеместен не байлығың бар болса барлығын сұраныспен келген әркімге жомарттықпен колыңды ашық ұстайсың.Кімсің соғұрдайын сен сонда?  Тіл қат .Онысызда қаша алмайсың меннен.Сені қайдан да таба аламын!Бүкіл әлемді жаулап алыпсың.Сенімен таныса алмағандарымыз тіпті жоқ шығар. Мен саған разымын. Үлкей , өсе бер , бірақта пайдалы бол ! Естідің ба ! Саған айтам , интернет .