Paint програмасы онысызда компьютерде windows-та бар емес пе неге онлайн түріне қажет болады екен деген сұрақ туатын ақ шығар.Я бәлкім солай да. Ал солай емес дейтіндер , артықшылығы бас жармайды дегендер тек осыған веб сайттар ашып қойыпты. Windows paint-ке қарағанда ықшамдылығы көзіме түсті. Тамашалау үшін :

 ең алдымен :  арт.ком (басып қал)
 одан кейін :  оффтайп.нет (басып қал)

 
 

Күнделікті тұрмыс жағдайда болып жататын ұсақ түйек проблемаларға практикалық жолдар ұсынады homeserve.coм-да . Сайт тілі ағылшынша болуы білмейтіндерге бөгет емес сияқты, өйткені әр жайға арналған бейне клиптері онысызда мәселені әп-сәтте ақ түсіндіре салып тұр. Кейде айтып жатушы едік қой , айтеу шай ішерлік ашылшыншам (немесе орысшам, немісшем)бар деп. Нағыз солай айта білу үшін бұл сайттағы материалдар қажет екеніне көзім жетті , өйткені мұндағы сөздер, сөйлемдер , терминдер тұтастай тұрмыс тіршілігімізде кездесьп жататындар. Енді сайтты қай мақсатпен керектену сізге қалып отыр !

 
 
 
 

Димдим - тегін веб конференция жүргізуге арнала жасақталған аса пайдалы веб сайт.Қызметінен пайдалану үшін ешбір download-қа қажет болмауы , яғни түгелдей веб браузермен ғана жұмыс атқарыла салуы ерекше орынға,маңызға ие.Сонымен димдимді қолдана отырып компьютеріміздің десктоп-ын бөлісу, слайттар көрсету,онлайн түрде бірге жұмыстау,чаттесу, кеңесу-сөйлесулерді жүзеге асыруға болатын жағдайда.

Веб жасақтаумен айналысатын болсаңыз сізге бір ерекшелігі open source-ы (ашық код)да бар.
Оңай , ашық , тегін
Сайттың иелерінің айтуынша , "біз басқадай бүкіл веб конференция беруші қызметтерді байқап көргенімізде олардыңқымбаттығын, керектенуге онша оңай еместігін, веб жетілдіру тұрғысынан алып көргенде жекешелендіруге (customizing)еш мүмкіндік жоқ екеніне көзіміз жетті, сол себептен де  димдим дүниеге келді" дейді.
                                                                            http://www.dimdim.com/

 
 

Виртуалды қоғам тораптары арасында қазірге дейін Google-дің өзінікі жоқ еді.Мені де толғандырды ақ,фейсбук сияқтылар шығып келіп бой көрсетіп жатқанда google-дің үн шығармауы.Мәселе тіпті олай емес болып шықты,googlе-дің жаңа бір жобасы lively қызметке кірді!
Қазірге beta шағында болған lively, кейбір принтциптері тұрғысынан second life-қа көп ұқсайды. Сонымен, енді не істеледі дегенге келетін болсақ , менің айтуымша кішкене кезіміздегі сияқты үй тігіп ала аламыз:).Әркімнің өз-өзінде бөлмелері бар болады, жеке профил секілді.
Ал осылайша виртуалды үйін жасақтап алған достар,жолдастар бір бірін үйлеріне шақырумен қатар онда кәдімгі кеңес соғуға, төбелесуге немесе сүйісуге де болады дейді.Оны көре жатармыз.
Тағы да бір қызықты жайт, бөлмеде телевизор бар болса youtube видеоларын содан көре беруге мүмкіндік бар. Ал жарайды енді бәріміздің бөлмелеріміз құтты болсын, қонаққа шақыруды ұмытпаңдар :) !.

Lively-ге кіре қою үшін суретті бас .