Өте қызықты бір веб сайтқа жолықтым.Әдресі болғанда http://text-to-speech.imtranslator.net/, мына сілтеме солай апарады. Я әдресі қызық дегендігім емес, мұнда тіл үйренушілерге
арнайы тілдердің акцентін(дұрыс дыбыстау ережелері)шығарып береді.Сілтеме бойынша кіріп барғанда онысызда көрінеді, қазірше 10 тіл бар databese-інде. Ағылшыншасында болғанда еркек жане әйел дыбыстауларына жолығылады. Сайттағы ақ төртбұрыштың ішіне жазылған сөзді оқып дыбысқа айналдырады деген сөз.Мысалы, тәжірибесін жасайтын болып жаңағы ақ төртбұрышқа what the hell is going on there деп жазып алып содан оң жақ басындағы "say it" дегенді басып қалғанда кәдімгі бір оригинал американның дыбысы келді.
Мұндай құралдардың қажеттілігі сөзсіз.Бір сөз болса да дұрыс дыбыстай білу керек-ақ.Мен бұрыннан бері Nike маркасын тікелей " найк " деп оқып жүретінімді, үйтсем нағыз дұрысы болғанда " найки " деп естіледі екен.
Басқадай тілдердің арасында Қытай,Француз,Неміс,Итал,Жапон,Орыс,Кореа,Португал және Испания тілдері бар.
Бұл сайтқа тағы талай керегі шығып жататын болса mahambet.weebly.com-ға келіп категориялардың ішінен "accent" ілмегі , немесе блогтың " ілмек жиыны " деген бетке келіп сол беттегі шоғырдан " акцент " - ті басу керек.