Cаған деймін я саған ! Кейде ойыма келгеніңде саған ііиий осыны ай дейм , ал кейде әйтеу Аллаға шүкір сен барсыңғой деймін.Өзіңді бар кұсатып сезіндірмейсің тіпті. Негізінде жоқсың, сонда да елдің бәрі біледі сеніңәркашан,қай қайда да бар екендігіңді.Бір сәт сенімен бетпе бет қалған кісі сеннен айрылғысы келе бермейді оңайға.Сенімен бірге оншама сағатын,күндерін, жылдарын тіпті бүкіл өмірін өткізуден тайынбайтын болып барады ғой деймін.Үн түнсіз тыңдап тұрсың мұның бәрін, тек мұны ғана емес барлық әлемді.Не ойлайтының еш бітпейді, толассыз екен.Сен кейбіреулерге өте құнды әсеріңді беріп жатқанда , кейбіреулерге теріс әсеріңді де тигізудесің. Әрине мұның бәрі саған бәрі бір, кім қайтсе үйтсін дейсің. Сен тек ғана қарайсың, құлақ салып тыңдайсың немесе басқа бірдемелер істеумен тұрасың ылғи.Ешкім саған қарсылық көрсетпеген, көрсетпейді де. Әр бір өткен сәт сайын байлығыңды еселеудесің.Күшіңе күш қосып, барлығымызбен араласудасың , тоқтаусыз !. Бәрі қолындағы барын саған алып ұшады.Осының бәрінің иесі ғана болудасың. Ал ,өзіңді осымен ғана шектеместен не байлығың бар болса барлығын сұраныспен келген әркімге жомарттықпен колыңды ашық ұстайсың.Кімсің соғұрдайын сен сонда?  Тіл қат .Онысызда қаша алмайсың меннен.Сені қайдан да таба аламын!Бүкіл әлемді жаулап алыпсың.Сенімен таныса алмағандарымыз тіпті жоқ шығар. Мен саған разымын. Үлкей , өсе бер , бірақта пайдалы бол ! Естідің ба ! Саған айтам , интернет .  

 


Comments

Thu, 26 Jun 2008 04:28:13

Салем, Махамбет! Мына жазғаның ӨТЕ-ӨТЕ тамаша екен?!
Қарсы болмасаң, кіріп тұрамын блогыңа!?
Жұрт айтпақшы, бастаған бастауларың әрқашан жалғасын, өз тыңдарманын таба берсін!

 



Leave a Reply