Димдим - тегін веб конференция жүргізуге арнала жасақталған аса пайдалы веб сайт.Қызметінен пайдалану үшін ешбір download-қа қажет болмауы , яғни түгелдей веб браузермен ғана жұмыс атқарыла салуы ерекше орынға,маңызға ие.Сонымен димдимді қолдана отырып компьютеріміздің десктоп-ын бөлісу, слайттар көрсету,онлайн түрде бірге жұмыстау,чаттесу, кеңесу-сөйлесулерді жүзеге асыруға болатын жағдайда.

Веб жасақтаумен айналысатын болсаңыз сізге бір ерекшелігі open source-ы (ашық код)да бар.
Оңай , ашық , тегін
Сайттың иелерінің айтуынша , "біз басқадай бүкіл веб конференция беруші қызметтерді байқап көргенімізде олардыңқымбаттығын, керектенуге онша оңай еместігін, веб жетілдіру тұрғысынан алып көргенде жекешелендіруге (customizing)еш мүмкіндік жоқ екеніне көзіміз жетті, сол себептен де  димдим дүниеге келді" дейді.
                                                                            http://www.dimdim.com/

 
 

Виртуалды қоғам тораптары арасында қазірге дейін Google-дің өзінікі жоқ еді.Мені де толғандырды ақ,фейсбук сияқтылар шығып келіп бой көрсетіп жатқанда google-дің үн шығармауы.Мәселе тіпті олай емес болып шықты,googlе-дің жаңа бір жобасы lively қызметке кірді!
Қазірге beta шағында болған lively, кейбір принтциптері тұрғысынан second life-қа көп ұқсайды. Сонымен, енді не істеледі дегенге келетін болсақ , менің айтуымша кішкене кезіміздегі сияқты үй тігіп ала аламыз:).Әркімнің өз-өзінде бөлмелері бар болады, жеке профил секілді.
Ал осылайша виртуалды үйін жасақтап алған достар,жолдастар бір бірін үйлеріне шақырумен қатар онда кәдімгі кеңес соғуға, төбелесуге немесе сүйісуге де болады дейді.Оны көре жатармыз.
Тағы да бір қызықты жайт, бөлмеде телевизор бар болса youtube видеоларын содан көре беруге мүмкіндік бар. Ал жарайды енді бәріміздің бөлмелеріміз құтты болсын, қонаққа шақыруды ұмытпаңдар :) !.

Lively-ге кіре қою үшін суретті бас .


 
wikia search 06/07/2008
 

Іздеу моторлаының қатарына енді танымал Уикипедиа энциклопедиясының иесі Jimmy Walеs -тің алға тартқан жобасы wikia қосылды.Басқаларынан бөлек бір тұсы wikia search  ajaх пен жұмыстауында.Қазір мотордың іске жаңа асып жатқан мерзімі болғандықтан веб сайт жүргізушілерге бір мүмкіндік те бар. Өзі сайтыңызды тізімге талғамыңыздағы ілмек сөзбен іздегенде табылатындай етіп wikia ның сайт тізіміне қоса аласыз.  wikia search

 
 

Міне, оқымысты ел бір бөлек. Жаңа Зеландия мемлекеті кітап консулы деген бар екен. Ол 1972.жылы ЮНЕСКО-ның кітап жылы деп жарялауы қарсаңында құрылған мекеме.Мақсаты қоғамда кітап оқуға деген құштарлықты ояту, өркендету және ынталандыру.Әрине істеген шаралары үшін ақы тілемейтін мекеме.Уикипедиадан оқығаныма қарағанда, жалпы жүргізіп жатқан бағдарламалары мемлекеттің түкпір-түкпірінен әдебиет сүйер оқушыларды белгілі жазушылармен жүздестіру, арнайы конференциялар ұйымдастыру. Мені бір қызықтырған жері,халқы жұмыс жерінде назарын тұтастай кітапқа айырып тастайтындығынан ба кей бір жұмыс орындарында офис уақытында кітап оқуды шектейді екен. Ал осындай мұрындықтан құтылудың бір жолы ретінде бізге үлгі берерліктей бір веб сайт жасақталыпты.

Сайтқа кіріп келгенде кәдімгі өзіміздің үйреншікті windows xp экраны қарсы алдымызға шығып келеді.Бұл веб сайты ашық тұрған кезде "бастық" келіп қалса да сенің кітапханада отырғаныңды оңайға сезе қоймайтын құсайды. Мың рет естігенше бір рет көр деп жатушы еді ғой, ендеше осы тамаша кітапхананы көріп қайту үшін әдресі :   http://www.readatwork.com/

 
 

лаптоп (тікелей аудармасы етек үсті) лаптоп болғанмен де оның шынымен
етек үстінде болуы залалды екендігі жөнінде құлаққағыс аңгімелер, өсек-аяңдар болып жатады кейде. Зер салып ойластырып көрсек шынында солай болу ықтималы бар-ақ.
Мінеу лаптоп үстелі маған өте ұнап қалды , мені сындырып тастады:)

 
 

Әдеттегі чат програмдарын білеміз ғой , yahoo messengeр немесе msn-дер қолданылуы үшін компьютерлерде құрылған болуды міндетті түрде талап ететінін.Білінбей жүріп осылар кейде асығыс үсігіс жүргенде бөгет болып жататыны бар, мессенжер немесе чаттарға кіруге тыйым салынып қалатын мекемелерде әсіресе.Әр бір проблеманың бір шарасы бар дегендейін, осы жағдайды байқап қалғандардан meebo.com еді.Оның сапасы басқаларына жете қоймағанмен де тарығып қалғанда жетіп барып ішінен ұсынылатын yahoo , msn тағы басқадай мессенжерлерге тура қосыла алып жүрміз әлі күн ге дейін.Бәсекелестікте әрине варианттар аз болмауы тиіс еді заңды тұрғыда.Осы чат (мессенжер) мәселесіне тағы бір алтернатив ekkotv .

еккотв-ден байқағаныма қарағанда интерфейсі жағымды келді.Мұнымен чат жасау үшін тура кіріліп келінеді.Бірдей уақытта 2 кісімен кеңесуге болады.Қеңес жазумен ғана емес аудио-видеосы да бар.Яғни дыбыс пен бейнені де алысып берісуге мүмкіндік толық егер отырған компьютеріміз микрофонмен,веб камерасымен жабдықталған болса.

Жарайды , қалай қолданам сонда ?

1.мына адреске : http://www.ekko.tv/ кіріп бар,

2.Сайттың интерфейсінің қақ ортасында жер алып тұрған "startnow" пернесін бас,

3.Сосын , қарсы алдымызға pleaseenteryourname шыға келеді, оған атымызды (шын ат немесе бүркеніш ат болама бірдеме жаз),

4.дәлі осы кезде экранның төмен гі жағына ала бір url (сілтеме)тұрады. Соны копиялап алып чатқа шақыратын кісіге қарай е-пошта арқылы жібер.

5.сенімен кеңесуші кісі осы сілтеме бойынша кіріп келеді чат бөлмесіне.

6. міне сонымен қысылтаяң кездерде ekko.tv әрқашан қарсы аламын дейді.

7.айлар өтті, күндер өтті делік.Сіз осындай бір чат бар екенін білесіз бірақта веб әдресі есіңізге келмей қойды делік. Ондай жағдайға ұшырап жатсаңыз ойыңызда осы блог болсын :) 



 
 

Жаңадан қызмет ашып жатқан кәсіп орнының үлескері немесе жаңадан өз бизнесіңізді бастап жатқан болсаңыз қайткен күнде қажетті болатын біраз ұсақ-түйектер болады. Олар : кәсіп орынның жеке белгісі (логосы),онда жұмыстаушылардың клиенттерімен қарым-қатынасы үшін маңызды бір нәрсе бизнес карты, атқарылатын қызметтерді ашыққа шығарып танытуға жарайтындай тартымды және оқынақты брошур деген сияқты айта берсең таусыла бермейтін көп көмекшіл құжаттар шынында да керек бола қалады.Осындай жағдайда маңайдағы осы қызметті атқаратын арнайы орындарға жүгінетін болсаңыз әрине ақысын алып отырып жасай қоятын шығар.
Ал уақыт мәселесі онша тығыз емес болып, осындай болымсыз кішкене нәрселер үшін қыруар ақша төлеп жатудың орнына интернетке отыра қалып өзіңіз тындыра салғаныңыз әлдеқайда тиімді де абзал болады дегенге күмәнім жоқ. "Интернет болғанда ақы алмайды ғой дейсің ба?" деген сұрақ туындалары рас. Я орынды сұрақ. Ал менің берер жауабым , интернетте тегін көрсетілетін талай қызмет бар.Бұлар көбінде ең алдымен тегін болғызуының арқасында веб сайтының рейтінгісін көтеріп , көпке танымал болғызып алуын көздейді.Бұл да бір маркетиңг саясаты. Ал енді тоқсан ауыз сөзді топшылай келе, branddoozie сайтын жоғарыда айтылғандай "ұсақ-түйек"-теріңізге қолданамын деп қалсаңыз сілтемесі міне  

 
 

Disqus блогтарда қалыптасқан пікір тастау әдетімізге/түсінігімізге әлі де бір қосымша қосумен жақсарта түсетін бір система. Уордпресс,блоггер қатарлы көпке танымал блог қызметін көрсетушілердің жұмыстау жүйесімен үйлесімді келетін disqus аясында кез келген оқырман өзіндік профил-ін жасай салады.Ал басқа оқырман алдыңғы тасталған пікірлерді бағалаумен бірге талғамына сай оны RSS-пен бақылауына ала алды. Бұл қызметпен түбегейлі танысу үшін адресі : http://disqus.com/


 
 

1965.жылы қай кітап көп сатылыпты ?
1976.жылғы oscar сыйлығына лайық көрілген актёр кім еді?
1982.жылында теледидарларда қандай телесериалдар көрсетіліп еді ?
осы сияқты сұрақтардың жауабын табуға еш әуестеніппе едіңіз?
Олай болса осындай әр жақты сұрақтарға flashback ретінде жауап бере алатын
сайтқа мына сілтеме алып барамын дейді.Алайда жұмыртқаның тауықтан, әйтпесе
тауықтың жұмыртқадан шыққан-шықпағаны жайында жауап бере алатынға ұқсамайды.
Қазірге тек ғана 60,70,80 және 90-ыншы жылдарға байланысты економика , музыка, теледидар , синема , әдебиет, спорт салаларындағы деректерді ұсынуда.